RU
Ақтауда сыныптасын байлап, жұмыртқа атқан оқушылар елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда сыныптасын байлап, жұмыртқа атқан оқушылар елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Желіде бір топ жеткіншектің қатарласын бағанаға байлап, жұмыртқа атқан видеосы таралып кетті. Оқиғаның Маңғыстау облысында болғаны анықталды деп хабарлайды lada порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтауда сыныптасын байлап, жұмыртқа атқан оқушылар елді шошытты

Иллюстративное фото: znaj.ua

Кәмелетке толмағандар сыныптасын бағанаға скотчпен байлап қойған.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 28 қыркүйек күні 8 шағын ауданында орын алған.

"Қазір роликтегі жеткіншектердің кім екені анықталды. Олардың ата-анасына шара қолдандық. Оқиға жеткіншектің ісімен айналысатын арнайы комиссияға тапсырылды", - деді бөлімшеде.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылы 29 шағын ауданында да қайталанған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel