RU
Қазақ жұрты Шерхан Мұртазамен қоштасты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ жұрты Шерхан Мұртазамен қоштасты (фото)

Рассказать Вконтакте

86 жасында өмірден өткен қазақтың танымал жазушысы Шерхан Мұртазаны халық қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жазушыны Кеңсай зиратына жерлейтіні белгілі болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткермен қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл рәсімде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бой көрсетті.

Бозымбаев. Фото: NUR.KZ

Бозымбаев. Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ, Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға шығарып салуға Асанәлі Әшімов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнеп Ахметова, Сауытбек Әбдірахманов, Ерлан Қарин және басқа да елеулі тұлғалар келген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рәсім барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы елбасының жеделхатын оқыды.

Одан бөлек, жеделхат жолдағандардың қатарында Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағанбетов пен Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Ғұмырында кісілігіне кір жұқтырмаған, алдаспандай жарқылдап өткен ол баспасөздің баһадүріне айналды. Тұтас бір дәуірдің көзі мен сөзіндей, артына өшпестей жарқын із қалдырған, заманадан озып туған тұлғаның жатқан жері қашанда жарық, нұрлы болсын.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, қазан айының 9-ы күні Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза өмірден озған болатын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
75
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel