RU
Головкин бокстан кететінін тұспалдап айтты
Жаңалықтар Спорт

Головкин бокстан кететінін тұспалдап айтты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин боктан кету туралы ойын тұспалдап айтты деп жазады BoxingInsider басылымы. Журнлаистер экс-чемпионның жақын келешегін болжап көрді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: instagram / gggboxing

Фото: instagram / gggboxing

Сұхбат кезінде боксшы өзінің бар уақытын отбасына арнауды армандайтынын жеткізді.

Осыдан кейін басылым тілшілерін Головкиннің "Канелоны" күтіп, қанша уақыт бос жүретіні қызықтырып қойды.

"Жақында ғана өз сұхбатында уақытын отбасына арнағысы келетінін айтып, бокстан кетуді тұспалдағанымен, Альваресті күтіп шаруасыз қаншалықты ұзақ жүретіні әлі белгісіз", - дейді журналистер.

Сондай-ақ олар Головкин енді Токиода Мурата-Брантпен немесе Риота Муратамен жекпе-жекке шығады деп болжап отыр.

Сарапшылар пікірінше, WBA тұжырмының тұрақты чемпионы жапондық спортшымен GGG кездесуге келіссе, өте көп сыйақы иеленуі мүмкін.

"Голокиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі әлі нақты белгісіз болып тұр. Себебі қазақстандық боксшының уақыты мен мүмкіндіктері шектеулі", - деп жазады басылым.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel