RU
"Шымкенттіктер қаптап жүр": Астанада қай өңірдің тумалары көп?
Жаңалықтар Қоғам

"Шымкенттіктер қаптап жүр": Астанада қай өңірдің тумалары көп?

Рассказать Вконтакте

Астанаға бас қала мәртебесі берілген күннен бастап қалаға республика аймақтарынан келген тұрғындардың легі де таусылған емес. Айта кетерлігі, бүгінде елорда тұрғындарының саны 1 миллионнан астам халыққа жетті. Осыған орай, NUR.KZ астаналықтарға "бас шаһарда қай өңірдің тұрғындары көп?" деген сауал қойып көрді. Айтуларынша, елордада "шымқалалықтар" жетіп артылады екен.

Фото info.sibnet.ru сайтынан алынды

Фото info.sibnet.ru сайтынан алынды
Source: UGC

Блиц-сауалнамаға қатысқан астаналықтардың дені қалада шымкенттіктер көп деп жауап берді.

"Біздіңше олардың жүрмейтін жері жоқ. Қазір министрліктегі жас маманнан бастап, көшедегі таксист, осындағы базарлардың бәрі шымкенттіктер. Астана деген аты ғана болмаса, мұнда бәрі жан-жақтан келгендер", - дейді астаналықтар.

Сауалнамаға қатысушылардың тағы бір бөлігі Астанада қызылордалықтар көп деген пікір білдірді.

"Қызылордалықтар да аз емес. Жалпы, оңтүстік халқын бірден тануға болады. Таза қазақша сөйлейді, іші-бауырыңа кіріп тұрады, одан қалса, өздерінің жергілікті диалектілерінен де тез аңғаруға болады. Өзім жергілікті ақмолалықпын, ата-бабам Атбасарда жерленген.

Қалаға балалардың жұмысы осында болған соң келіп қалдық. Кейде шалдармен кездескенде, "жергілікті целиноградтықтар қалды ма өзі?" деп қалжыңдасып жатамыз. Қай жақтан келсе де бір қазақпыз ғой. Ақмола кімге пана болмады десеңізші? Тың жылдары талай өзге ұлт өкілдерін бауырға басқанбыз. Оның жанында өзіміздің қазақтар, ел игілігіне аман-есен жұмыс жасаса болғаны", - дейді жергілікті ақсақалдардың бірі.

Ал, аула ішінде отырған бір топ жас аналардың жартысынан астамы еліміздің батыс өңірінен болып шықты.

"Астанада ақтөбеліктер, астаулықтар өте көп. Біздікілердің көшеде арба сүйреп, таксист болып жүргенін көрмеппін. Керісінше, келе салысымен элиталы аудандардан үй алып, Астананы қоныстанып қалып жатады. Бірақ бір-бірімізді осылай тауып аламыз. Арасында тарымен шай ішуге шақырып тұрамыз", - деп кұлді жас аналар.

Сонымен бірге, астаналықтар қалада еліміздің шығыс өңірінің де тұрғындары көп екенін алға тартты.

"Семей, Зайсан, Өскеменнен келген адамдар көп. "Лесная поляна" деген ықшам ауданға барсаңыз, кілең семейліктерді кездестіресіз. Бізге элиталы аудан қайда, қаланың шетіндегі "Лесная поляна" да жарап жатыр. Ал, негізі, иә, қалада "южандар" өте көп. Олар өздерінде сыймай жатқан соң, осында келіп күн көреді. Ешкімді кінәлауға болмайды, бәрі күнкөрістің қамы.

Ол жақта жарытып жұмыс болған соң, жастар осылай үлкен қалаларды жағалайды. Петропавл, Павлодардан да жастар көп. Бірақ олар жақын маңда болғандықтан, тек қалаға келіп-кетіп жүреді. Тұрақтанып қалғандарын көрмеппін", - дейді өзін Қайрат деп таныстырған ер адам.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel