RU
Ұшақта шу шығарған тәртіпсіз жолаушыларды байлап тастауға рұқсат беріледі
Жаңалықтар Қоғам

Ұшақта шу шығарған тәртіпсіз жолаушыларды байлап тастауға рұқсат беріледі

Рассказать Вконтакте

Әуе кемесінде орын алатын тәртіпсіздіктер мен келеңсіздерге тосқауыл қою үшін Инвестициялар және даму вице-министрі арнайы заң жобасын ұсынды. Ол бойынша экипаж мүшелері ережені сақтамаған жолаушыға күш қолдана алады деп хабарлайды 31 арна.

Көрнеі фото: ipress.ua

Көрнеі фото: ipress.ua

Вице-министр Роман Склярдың сөзіне сүйенсек, ұшаққа алкогольдік ішімдіктен ұрттап мініп, жан-жағындағылардың мазасын алатын жолаушылар аз кездеспейді.

Сондай сәттерде көпшіліктің қауіпсіздігі мен тынштығы үшін экипаж мүшесі арнайы шаралар қабылдаса, бұл өзгелерге де сабақ болар еді.

"Орындыққа отырғызып, арнайы құрылғымен байлап тастайды. Немесе қолына кісен салынады. Мұндай пластикалық кісендер әрбір ұшақта бар. Бірақ осы күнге дейін ешбір жолаушыға қолданылған жоқ", - дейді Роман Скляр.

Ал іс-сапармен әуеде жиі қалықтайтын депутаттар бортқа бейнебақылау камерасын да орнатып қою керек дегенді айтуда. Сонда мас жолаушының қателігін өзіне мойындату да жеңілірек болар еді дейді олар.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel