RU
Хабиб Нурмагомедовқа "қаһарман" атағы беріледі
Жаңалықтар Спорт

Хабиб Нурмагомедовқа "қаһарман" атағы беріледі

Рассказать Вконтакте

"Туған Дағыстан" қоғамдық қозғалысы аралас жекпе-жек майталманы Хабиб Нурмагомедовқа "Дағыстанның халық қаһарманы" атағы берілсін деген ұсыныс жасады деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

eg.ru

Көрнекі фото:eg.ru
Source: UGC

"Отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін және UFC чемпионының белбеуін жеңіп алғаны үшін Хабиб Нурмагомедов "Дағыстанның халық қаһарманы" деген атаққа ұсынылды. Шешім қабылданып қойды. Жуырда оған қыраны бар алтын жұлдыз табысталады", - деді Абдулжелилов.

Мұндай атақ сенатор Сулейман Керимовқа, күрестен олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевке, МҚК генералы Омар Муртазалиевке, саясаткер және қоғам қайраткері Гамзат Гамзатовқа берілген екен.

Естеріңізге сала кетсек, UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінің нәтижесінде ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңіп, чемпион дәрежесін сақтап қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel