RU
Түймебаев Шерхан Мұртазаның қазасынан соң ауқымды шараны өткізбей қойды
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев Шерхан Мұртазаның қазасынан соң ауқымды шараны өткізбей қойды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қазасына байланысты ауқымды фестивальді тоқтатып тастады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түймебаев

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Түркістан облысында ұйымдастырылған «Арыс жағасында» ретро-фестивалі биыл тұңғыш рет өңірдің жаңа орталығы Түркістан қаласында өтуі тиіс болатын.

Оған елімізге танымал эстарада жұлдыздары мен танымал тұлғалар шақырылған.

Фестиваль өтетін күні алаңға сахна орнатылып, қатысушылар мен қонақтар рухани астанаға келіп те қойғанына қарамастан ауқымды шара тоқтатылды.

Ұйымдастырушылар мұны қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден өтуімен байланыстырып отыр.

Айтуларынша, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қаза күллі қазақтың қабырғасын қайыстырғандықтан еліміздің оңтүстік өңірі той тойлап отыруы жөн болмас деген шешім қабылдаған.

Әзірге ретро-фестивальдің қай күні өтетіні белгісіз.

Еске салсақ, қазақтың көрнекті қаламгері Шерхан Мұртаза 9 қазан күні Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды.

Бүгін, 11 қазан күні, зиялы қауым өкілдері мен қала әкімі Бауыржан Байбек бастаған қалың жұртшылық жазушымен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel