RU
Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістанда бойжеткенді ұрып-соғып, тонамақ және зорламақ болған күдікті ұсталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістанда кесенеге келген бойжеткенді зорламақ болған күдікті ұсталды

Көрнекі фото: dpchas.com.ua
Source: UGC

2018 жылдың қыркүйек айында орын алған оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты.

Облыс бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларынан соң Криминалдық полиция басқармасы студент қызды зорлап, артынша тонамақ болды деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады.

"Жедел қызметкерлер облыстың әрбір ауданын тексерді. Барлық аймақтарға күдікті туралы ақпарат жіберілді.
Түркістан облыстық ІІД жедел ізкесушілері қазан айының басында шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан ұстады", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «зорлауға оқталу» және «тонау» жайттары бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Түркістанда бойжеткеннің әлдекімнен жәбір көргені туралы жазған болатынбыз.

Белгісіз азамат аруды соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған және зорлауға оқталған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel