RU
Алматылықтар күйзеліске көбірек душар болатыны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылықтар күйзеліске көбірек душар болатыны анықталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда күйзеліс пен рухани дертке шалдығып, өмірін өлімге қиятын тұрғындар саны артып келеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: plus.google.com

Көрнекі фото: plus.google.com
Source: UGC

Мамандар әлемдік психикалық күй күніне орай күйзеліске түскендер көрсеткішін жария етті.

Сонымен, Алматыдағы психологтар мәліметінше, осы жылы мәселесін айтып келгендер саны 46 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мың адамға артық дейді олар.

Оңтүстік астанада диспансерлік есепте қазір 10 600 науқас тұрады екен. Оның 75 пайызы шизофренияға шалдықса, қалған 25 пайызы ми зақымдануымен және жарыместікпен ауыратындар.

Сондай-ақ, соңғы уақытта өз өмірін өлімге қиғысы келетіндер саны да артыпты. Ресми статистика бойынша қалада 700 жағдай тіркелген.

Сарапшылар психикалық күйдің нашарлауы жұмыстағы күйзелістік жағдайлармен, отбасылық кикілжіңдермен және генетикалық ауытқулармен байланысты дейді.

Дәрігерлер халықтан уақытылы көмекке жүгінуін сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel