RU
Шымкентте 56 жастағы азамат көршінің жеті жасар қызын зорлап тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 56 жастағы азамат көршінің жеті жасар қызын зорлап тастаған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 56 жастағы ер адам көрші үйдің жеті жасар қызына сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: pedofilov.net

Көрнекі фото: pedofilov.net

Шымкенттің 1962 жылы туған тұрғыны көршісінің қызын өз үйіне алдап ертіп әкеліп, жыныстық сипаттағы арам пиғылын іске асырған.

Оқиға болған уақытта 2011 жылы туған бүлдіршіннің ата-анасы жұмыста болған көрінеді. Оқушы қыз әжесінің қарауында қалған.

Әжесінің көзін ала бере сыртқа ойнауға шығып кеткен қыз баланы байқап қалған көршісі арам пиғылын іске асыру үшін оны үйіне әкелген.

Ол қаннен қаперсіз кішкентай қызға еркінен тыс азғындық іс-әрекеттер жасаған.

Күдікті Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Оған аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4-ші бөліміне сәйкес кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы азғындық жасағаны үшін айып тағылуда.

"Қамауға алынған 56 жастағы күдікті ер адам бұрын сотты болмаған. Отбасылы. Перзенттері жоқ. Зорлық әрекетін жасаған уақытта зайыбы жұмыста болған. Ата-аналарға айтарым, балаларды көздерінен таса қылмаса екен", - дейді Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
12
10
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel