RU
Маңғыстау облысында ішімдікпен суретке түскен шенеуніктер әшкере болды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында ішімдікпен суретке түскен шенеуніктер әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметкердің этикалық ережесін бұзған. Онда жыл басынан бері 120 қызметкер жауапкершілікке тартылыпты деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bg.ru

Көрнекі фото: bg.ru
Source: UGC

Мемлекеттік қызметкердің этикалық нормаларды сақтамауы шенеуніктер арасында көп кездеседі екен.

Аталмыш мәселе әсіресе, Маңғыстау облысында өршіп тұрған дейді мамандар.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Нұргүл Жанназарова мәлім етті.

Жыл басынан бері осы өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментінің 120 қызметкері жауапкершілікке тартылыпты.

Олардың ішінде 111 адамға тәртіптік жаза қарастырылса, қалған 9 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көбінесе өзінің қызметтік жағдайын пайдаланатын бөлім басшылары екен.

Шенеуніктердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру нәтижесінде олардың көпшілігі өте қарапайым ережені де сақтамайтыны белгілі болды. Қызметкерлер алкогольдік өніммен түскен суреттерін жариялаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel