RU
Бекетаев: Храпуновтар ұрланған қаржыны АҚШ-та заңдастыра алмаған
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бекетаев: Храпуновтар ұрланған қаржыны АҚШ-та заңдастыра алмаған

Рассказать Вконтакте

Әділет министрі Марат Бекетаев Храпуновтардың елден жымқырған ақшаларын Америка Құрама Штаттары аумағында заңдастыра алмағанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube.com

Фото: youtube.com
Source: UGC

Бекетаев Храпунов ісіне қатысты мәселенің анық-қанығын баяндады.

Оның сөзінше, шетел сотының шешімі мұндай дауды қарастыру үшін АҚШ аумағында келтірілген залал болуы қажет екенін түсіндірген. Сот шешімі бойынша Храпуновтың кінәлі немесе кінәсіз екені хабарланбаған.

Министр бұл жағдайда қай сұраққа қатысты жауап іздеу керектігін түсінгенін айтты.

Оның ойынша, қазір Храпуновтың Алматыдағы фирмаларының ісіне баға беруден бұрын келтірілген залалды өтеу мәселесіне назар аудару қажет.

"Біз жеткен басты нәтиже-Илияс Храпуновтың ұрланған ақшаларын АҚШ аумағында заңдастыра алмауы. Егер бұл талап болмағанда, ол тып-тыныш өмір сүріп жүрер еді", - деді сот ісінің оң тұстарын айтқан Бекетаев.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы соты Храпуновты 17 жылға, оның жұбайын 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ, экс-шенеуніктің барлық мүлкі тәркіленген еді.

Кейіннен Лейла Храпунова әлеуметтік желіде Алматы сотының шешіміне пікірін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel