RU

Саясатта зор жетістікке жеткен қазақстандық нәзік жандылар кімдер?

Әлемде "гендерлік саясат" ұғымы кеңінен тарағалы бері, қоғамның көптеген саласында әйел адамдар басымдыққа ие бола бастады. Аталған жаһандық тенденциядан Қазақстан да қалыс қалған емес. NUR.KZ назарларыңызға саясатта зор жетістікке жеткен қазақстандық нәзік жандылардың тізімін ұсынады.

Саясатта зор жетістікке жеткен қазақстандық нәзік жандылар кімдер?
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Қазақстандық саясаткер ханымдардың тізімінде алғашқылардың бірі болып – Дариға Назарбаева тұр. Дариға Нұрсұлтанқызы көп жылдан бері мәжіліс депутаты болса, бүгінде ол сенат депутаты қызметін атқарып жүр.

Фото: rferl.org
Фото: rferl.org: UGC

Айта кетерлігі сенат депутаттарының ішінде тағы бір танымал ханым – Бірғаным Әйтімова болып табылады. Әйтімова 2004-2007 жылдары білім және ғылым министрі қызметін де атқарған еді. Күні кеше ғана сенатор "өзінің жалақысы гараж қызметкерінің жалақысымен тең" деп, жұрттың қызу талқысына түскен еді.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Мәжіліс депуттарының арасында да нәзік жандылар жетіп артылады. Мәселен, олардың қатарында Гүлжан Қарағұсова, Майра Айсина, Анар Жайылғанова, Гүлмира Исимбаева және т.б. бар. Олардың көпшілігі тәуелсіздік алған жылдардан бастап, биліктің түрлі саласында тізгін ұстап, саясаттың жілігін шағып, майын ішкен жандар.

Майра Айсина. Фото: Елорда Инфо
Майра Айсина. Фото: Елорда Инфо: UGC

Анар Жайылғанова. Фото: Хабар 24
Анар Жайылғанова. Фото: Хабар 24: UGC

Гүлжан Қарағұсова. Фото: qazaquni.kz
Гүлжан Қарағұсова. Фото: qazaquni.kz: UGC

Былтырға дейін елдегі 14 министрдің арасында жалғыз өзі – әйел министр мәртебесін алып жүрген Тамара Дүйсеновамен де қазақстандықтар етене таныс. Көп жылдар бойы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған Тамара Босымбекқызы еңбек жолын аудандық әкімшілікте аға экономист қызметінен бастаған. Қарапайым экономистен министр деңгейіне дейін көтерілген Тамара Дүйсенова бүгінде "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметін атқарып отыр.

Фото: YouTube
Фото: YouTube: UGC

Қасымовадан кейін аталмыш министрліктің тізгінін ұстаған шенеунік те – нәзік жандылар қатарынан болды. Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова еліміздегі ең жас министрлердің қатарынан болып отыр. Айта кетерлігі, министр саясатпен қоса отбасылық өмірін де бірге алып жүрген шенеуніктердің қатарынан болып табылады. Министр бір сұхбатында тіпті, жұмыстан бөлек, отбасыма да көп көңіл бөлуге тырысамын деп атап өткен еді.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

2014 жылдан бастап мемлекеттік хатшы қызметін абыроймен атқарып жүрген Гүлшара Әбдіхалықованың да үлкен саясатта өз орны бар. Әр жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр, жауапты хатшы қызметін атқарып үлгерген Гүлшара Наушақызы да өз мансабын Қызылорда облысында бастаған. Қазақстандықтар Әбдіхалықованы үнемі жинақы, өзін қатал ұстайтын шенеунік ретінде таниды.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz: UGC

Айта кетерлігі, әзірге облыс әкімдері қатарында нәзік жандылар жоқ. Десе де, қазақстандық әйел адамдар арасында алғаш рет генерал атағын алған Сәуле Айтбаева да көпшілік кеңінен таниды. Өз мансабын бұрынғы Торғай облысында Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі қызметінен бастаған ол, бүгінде сенат депутаты қызметін атқарып жүр. Сондай-ақ ол биылғы жылдан бастап балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл қызметіне кірісті.

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1757483-saasatta-zor-zetistikke-zetken-kazakstandyk-nzik-zandylar-kimder.html