Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырдағы зымыран апаты: "Союз" экипажы Қазақстанға қонды

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған "Союза МС-10" зымыранының экипаж мүшелері ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг Қазақстанға келіп қонды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников
Фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников: UGC

Осыған дейін хабарланған ақпаратта "Союз МС-10" зымыраны көкке көтерілген кезде қозғалтқышы істен шыққаны мәлім болған еді. Оның бортында Халықаралық ғарыш станциясының жаңа экипажы болған.

"Алыстан өлшеу қызметінің мәліметінше, ғарышкер мен астронавты бар аппарат Қазақстан жеріне қонды. Экипаж жердегі ғарыш айлағы қызметімен байланысқа шықты", - дейді агенттік өкілі.

Қазақстандағы Жезқазған, Байқоңыр және Қарағанды аэродромдарынан Ми-8 тікұшағы шығып, экипажды іздеуге кіріскен. Оның бортында құтқарушылар мен дәрігерлер бар.

Тікұшақтар шамамен 1,5 сағат ішінде зымыран қонған жерге жетеді деп болжануда.

"Союз" экипаждары Жезқазғанның шығыс өңірлеріне қонған деген ақпарат бар.

Басылым мәліметіне сүйенсек, "Союз" экипажы өздерін жақсы сезінуде.

Енді Роскосмос арнайы комиссия құрып, зымыран апатының себептерін анықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1757488-bajkoyrdagy-zymyran-apaty-souz-ekipazy-kazakstanga-kondy/

pixel