RU
Прокурор адам өлтірді деп күдіктелген алтын белгі иегерін 9 жылға соттауды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Прокурор адам өлтірді деп күдіктелген алтын белгі иегерін 9 жылға соттауды сұрады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде пышақтап адам өлтірген мектеп түлегіне қатысты сот зерттеуі аяқталды. Қылмыстық істе прокурор құрдасын пышақтап өлтірген мектеп түлегін 9 жылға қамауды сұрайды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: vistanews.ru

Көрнекі фото: vistanews.ru

"Қылмыстық іс жиналған дәлелдемелермен толық дәлелін тапты деп ойлаймын. Іс Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2 бөлігі 9 тармағымен дұрыс сараланған. Күдікті бұрын сотталмаған, мінездемесі де жақсы. Құрметті сот, Кеңшілік Бекназ Нұрбекұлын кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Күзетпен ұстау шарасына қалдырылсын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурор жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемесі болуын сұрады.

Сотта сөз алған марқұм Азат Дүсіповтың әкесі айыпталушы тараптың өз отбасын мазақ еткенін де айтып қалды.

"Мен соттан заңды шешім қабылдауын сұраймын. Сотталушының ата-анасы бізді мазақ қылды. "Келісейік, ақша береміз" деп кездесуге шақырады. Мені шақырып, өздері келмей кетіп қалады. Мен ақша үшін жүрген жоқпын. Баламның өмірін ешқандай ақшамен есептемеймін. Сендер қанша ақша берсеңдер де ол бала қайтып келмейді",- дейді марқұм баланың әкесі.

Еске салсақ, қанды оқиға маусым айында болған еді. 17 маусым Ақтөбедегі №19 мектептің түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды.

17 жастағы Азат Дусуповты өлтірді деген күдікпен ұсталған Бекназ Кеңшілік қылмысын мойындап, марқұмның ата-анасына жылап тұрып кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel