RU
Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын қызметінен босатты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын қызметінен босатты

Рассказать Вконтакте

Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа президент қол қойған деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: UGC

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомствоны уақытша кім басқаратыны да белгілі болды.

Елбасы Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелген.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel