RU
"Қолғаптарын да ауыстырмайды": Теміртауда балалы әйел емхана қызметіне шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

"Қолғаптарын да ауыстырмайды": Теміртауда балалы әйел емхана қызметіне шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Теміртаудағы емханада екі жасар қызының қолынан қан алдыруға барған әйел оның көгеріп, ісіп кеткенін айтады. Онда ақ халаттылар қан алу үшін бірнеше рет ине салған екен. Енді ана денсаулық сақтау басқармасына арызданбақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: нововятск.рф

Көрнекі фото: нововятск.рф

Каталея ауырып қалған соң, оған қызылша бөртпелер шығып кеткен. Дәрігерлер осыдан кейін тамырынан қан алып, оны талдауға жібу керектігін айтыпты.

Олар барған №2 емханадағы медбикелер кішкентай қыздың қолындағы көктамырды таба алмай қиналған. Нәтижесінде инені бірнеше рет салып, қолын көгертіп тастапты.

Қыздың анасы жолдаған сурет

Қыздың анасы жолдаған сурет

"Қызым қатты жылады. Дәрігерлерден бұл сұмдықты тоқтатуын сұрадым. Әзер дегенде аз-маз қан алды. Бірақ сәбидің қолы көгеріп кеткен, қарауға қорқасың", - дейді Виктория.

Сондай-ақ әйелдің ашуына тигені - медбикелер әр науқас кірген сайын бір реттік қолғаптарын ауыстырмайды екен.

"Менің қызымның бөртпелерін ұстап көрді, содан кейін қолбағын шешпестен екінші баланы қарауға кірісті. Сонда індетті дәрігерлердің өзі жұқтарытан болып тұр ғой", - деп ашуланды ол.

Викторияның сөзіне сүйенсек, ол емханадағы мамандардың былығына бірнеше рет куә болған. Үлкен ұлы да осында келіп қан тапсырмақ болғанда, медбике оның қанын төгіп алыпты.

Енді әйел облыстық денсаулық сақтау басқармасына арызданбақшы.

Ал NUR.KZ порталының тілшілері емхана қарайтын "Гиппократ" мелициналық орталығына хат жолдағанда мынадай жауап алды.

"Балалардың көктамыры әртүрлі болады. Біреуде жақсы көрінеді, ал кей бірінде көрінбейді. Біздің емханадағы медбикелер тамырдан қан алу техникасын жақсы біледі. Баланың анасы оның қолын мақтамен аз ғана уақыт қысып ұстаған болуы мүмкін.
Қан бірден тоқтап қалмайды ғой. Ол үшін 1-4 минут уақыт керек", - дейді директордың клиенттермен жұмыс бойынша орынбасары Наталья Голобородко.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel