RU
Нурмагомедов досына жаза қолданған UFC басшылығына өз ренішін білдірді
Жаңалықтар Спорт

Нурмагомедов досына жаза қолданған UFC басшылығына өз ренішін білдірді

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедов досына жаза қолданған UFC басшылығына өз ренішін білдірді. Бұл туралы спортшы өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Ресейлік спортшы Конор Макгрегорды ұрғаны үшін серіктесі Зубайра Тухуговтың жекпе-жегін тоқтатқан UFC басшылығына наразылығын білдірді. Ол Конор өзінің басқа бауырын ұрғанын, сол үшін Тухугов ирландыққа қол көтергенін жеткізген. Спортшы барлық жағдайдың виедеода жазылғанын да айтыпты.

Одан бөлек, спортшы неге осы уақытқа дейін Конор Макгрегордің жасаған әрекеттеріне жаза қолданылмағанын түсінбейтінін жеткізген.

Сондай-ақ, ол Зубайраға жаза қолданылатын болса, UFC өзін де жоғалтып алуы мүмкін екенін айтыпты.

"Сіздер мені де жоғалтатындарыңызды ұмытпаңыздар. Біз бауырларымызды тастамаймыз. Мен өз бауырым үшін соңына дейін барамын. Сіздер маған бермей жатқан гонорарды да өздеріңіз ала беріңіздер.Біз өз намысымыз үшін соңына дейін барамыз",- деген Нурмагомедов.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel