RU
Маңғыстауда тұңғыш рет электробустар жолға шықты
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда тұңғыш рет электробустар жолға шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтауда алғаш рет әуежайдан қалаға дейінгі бағытта электробустар пайдалануға берілді.  Бұдан былай аталмыш бағытта қоршаған ортаға зиянсыз көлікпен жолаушылар тасымалдайтын болады деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Source: UGC

"Бұл автокөліктердің ең басты ерекшелігі олардың "жасыл теxнологияларға" сәйкес электр қуатымен, яғни атмосфераға зиянды шығаруларсыз жұмыс істеуі. Сонымен қатар, қолданыста бұл автобустар үнемді: мысалы, дизельді отынмен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 4 есе және газбен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 3 есе үнемді. Осының нәтижесінде автобустардың өтелімділігі 3-4 жыл болып табылады. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автобустарға 2 жылдық кепілдік береді, бұл өз кезегінде қолданыстағы сенімділікті қамтамасыз етеді, – деді шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын орындау мақсатында электр автобустары электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған. Ақтау қаласы аталған жүйені қолдану бойынша үшінші қала. Жолаушылар енді ыңғайлы тарифтер арқылы жолақыны банктік және жолаушылық карталармен төлей алады. Жүйе «ақылды қала» инфрақұрылымының бөлігі және енгізілуі оңай болып табылады. Ол bpcbillet.com порталы және автобустарға орнатылған билеттерді басып шығаратын көпфункционалды валидаторлардан тұрады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Source: UGC

47 адамға арналған Ankai жолаушылар автобусы ауаны салқындату жүйесімен жабдықталған және қала сырты жолдарына бейімделген. Салонда 4 бейнекамера, электронды автоxабарлаушы, сондай-ақ қол жүгіне арналған сөрелер бар. Орындық арқаларына ұялы телефондар мен өзге де электр құралдарын зарядтау мақсатында USB тетіктері орналасқан. Жаңа автобустардың ең басты ерекшелігі - электр қуатымен қозғалуында, бұл экология үшін қауіпсіз және үнемді. Бір толық қуат алғаннан кейін жұмыс істеу көлемі 160 километрді құрайды. Батареяны толықтыру үшін 2,5-4 сағат мөлшеріндегі уақыт қажет.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Электр автобусының жиынтығында бірден екі электр автобусын қуат көзімен қамтамасыз ете алатын тұрақты электр қуатының тұрағы бар.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Source: UGC

"Бұл біздің компанияның инновациялық автокөліктерді құрастыруда бірінші тәжірибесі және алдағы уақытта экологиялық таза көліктерді құрастыруға дайын. Ankai зауытының өндірістік қуаты жылына 35 мың қала іші, қала сырты, экскурсиялық, газ бен электр қуатында жүретін автобус өндіріп шығаруға жетеді. Автобустардың дәл осы жиынтығы Бесінші Каспий Саммиті делегаттарының қолдануына және кейін Ақтау қаласында әлеуметтік маңыздылығы бар бағыттар бойынша қолдану үшін жинақталды. Жаппай сұраныс болса, біздер сериялы өндіріске жіберуге дайынбыз", - деді Михаилс Кветнис.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel