RU
Оралда Денисті өлтіргендерді мақтаған мұғалімге қатысты сот басталды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда Денисті өлтіргендерді мақтаған мұғалімге қатысты сот басталды

Рассказать Вконтакте

Оралда Денис Теннің өліміне кінәлілерді мақтаған мұғалімге қатысты сот басталды. Ол ұлттық алауыздықты тудырды деп айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданы Белес ауылындағы мектепте математика пәнінен сабақ беретін мұғалімнің жасы 25-те. Шерхан Бәйзенов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендерді мақтап, әлеуметтік желіде жазба қалдырған еді. Ұстаздың бұл әрекеті қоғамда үлкен дау тудырған. Артынша азамат өз ісі үшін кешірім сұраған болатын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Отырыс барысында мұғалім соттың қазақ тілінде өткенін қалайтынын айтқан. Сол үшін ол аудармашының көмегіне жүгінген.

"Сотқа дейінгі тергеу сатысында менің қорғалушым университетке грантқа түскен. Жоғары оқу орны Бәзеновтің оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болғанын сұрайды. Белес ауылындағы орта мектепте де педагогтың жұмысы жайында оң пікірлер айтылған",- деді адвокат Жұмалиева.

Сондай-ақ, қорғаушы жақ сотталушының сот ісіне журналистердің, әсіресе, телеарналардың қатысқанын қаламайтынын жеткізді.

"Менің қорғалушым өз кінәсін мойындады. Біз прокурормен мәмілеге келсек дейміз. Бұл сот ісін жеңілдетеді", - деді адвокат.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 174 бабы 1 бөліміне сәйкес бұл қылмысқа 2 және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекітілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel