RU
Бойжеткенді ақ кілемге орап ұзатқан қазақтар елді таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Бойжеткенді ақ кілемге орап ұзатқан қазақтар елді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде бойжеткенді ақ кілемге салып ұзатып жатқан бір топ әйелдің видеосы пайда болды. Бұл салтты бұрын-соңды көрмеген қазақстандықтар таңданысын жасыра алмай, түрлі пікірлерін білдіруде деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: UGC

Видеодан ақ кілемде көз жасына ерік беріп отырған ару мен жеңгесін бірнеше әйел жабыла көтереді.

"Қош аман бол" деп әнші қызды ұзатып салса, ақ кілемнің жан-жағынан ұстаған үлкен-кішілі әйелдер есікке қарай алып шыққан.

Ал бұл видеоны тамашалаған оқырмандар "Біз жақта кілеммен өлікті шығарады", "Бір-бірінен озып түсу үшін не болса соны жасайды", "Масқара. Мынадай салтты өмірімде бірінші рет көріп тұрмын".

"Ұят-ай", "Қазақта бар дәстүр ма, өзі?", "Еліміздің қай өңірінде болып жатыр?" деп жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз
57
3
12
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel