RU
Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп, оқушыны қағып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп, оқушыны қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Шу облысы, Қара-Балта қаласында көлік айдап келе жатқан әйел түшкіремін деп, 12 жастағы оқушы қызды қағып кеткен. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: shkolazhizni.ru

Көрнекі фото: shkolazhizni.ru

Daewoo Matiz көлігін мінген 32 жастағы әйел жол-көлік оқиғасына бейсенбі күні 12:30 шамасында түскен.

"Әйелдің айтуынша ол көлік рөлінде отырып, алдында келе жатқан екі оқушыны байқаған. Дәл сол сәтті бірнеше рет түшкіремін деп, көлікті басқара алмай қалыпты. Нәтижесінде қыздардың бірін қағып, өзі талға барып соқтығысқан", - дейді Шу облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Қазір көлік қаққан қыз бен рөлде болған әйел ауруханада жатыр. Оқушының маңдайы жарылып, миы шайқалған. Ал жүргізушінің көкірек қуысы зақымданыпты.

Іс материалдары тергеу бөліміне жіберіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel