RU
Ақшасы қалтасына сыймаған байдың баласы бір бума ақшаны көшеге шашты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ақшасы қалтасына сыймаған байдың баласы бір бума ақшаны көшеге шашты

Рассказать Вконтакте

Петербург қаласындағы Гостиный Двор ауданында көшеде өтіп бара жатқан көлік терезесінен мың рубльдік банкноттарды бумасымен лақтырған. Ал куәгерлер оны жарыса жинай бастапты. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: joseliamaria.com

Көрнекі фото: joseliamaria.com

Куәгерлер банкноттардың шын ақша екенін айтуда. Алайда оның жалпы сомасы қанша болғаны нақты белгісіз.

Көп ұзамай Instagram желісіндегі richrussiankids парақшасында көлік ішінде түсірілген видео жарияланды. Онда бетперде киген жас жігіт ақшаны жай ғана қағазға теңеп, оның бір бумасын көрсетіп мақтанады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
5
2
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel