RU
АҚШ-та моделді көлік жүргізіп келе жатқан жерінен атып кетті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та моделді көлік жүргізіп келе жатқан жерінен атып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Джорджия штатында 28 жастағы Келси Квейл есімді моделді көлік жүргізіп келе жатқан жерінде атып кеткен деп хабарлайд Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

28 жастағы модель Келси Квейл сегізінші қазан күні таңғы жеті шамасында жұмысына бара жатқан кезде оққа ұшқан.

Белгісіз адамдар оны мойнынан жаралаған, нәтижесінде көлігі қарсы бетке шығып кетіп, үш көлікпен соқтығысқан.

Дәрігерлер жапа шеккендерді ауруханаға жеткізгенде ғана қызға оқ тигенін байқаған.

Полицейлер бойжеткен басқа көлік жүргізушісімен сөзге келіп қалған немесе кездейсоқ атылған оқтың құрбаны болған деген болжам жасап отыр.

Квейлдің жігітімен бірге Калифорниядан көшіп келгеніне бірнеше ай ғана болған екен. Ол Джорджияда моделдік мансабын жалғастыруды жоспарлаған.

Атыстың салдарынан бойжеткеннің миына қатты зақым келген. Қазір оның отбасы қызды өмір сүруге мүмкіндік беретін аппараттан ажыратып алмақшы.

Интернет қолданушылары марқұмның туысқандарына 15 мың доллар жинап берген. Бұл ақша Квейлдің туыстарының Калифорниядан Джорджияға келуіне және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жұмсамақ.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel