RU
iPhone сатып алуға себеп бар: iOS-та NUR.KZ қосымшасы жаңарды
Жаңалықтар Қоғам

iPhone сатып алуға себеп бар: iOS-та NUR.KZ қосымшасы жаңарды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының IT-компаниясы iOS қолданушылары үшін жаңалықтар қосымшасын толықтырып, қайта жаңғыртты. Оны iPhone иелері App Store-дан мына сілтеме арқылы жүктей алады.

AppStore-дағы NUR.KZ қосымшасы

AppStore-дағы NUR.KZ қосымшасы

Қандай жаңашылдық бар?

  • Digital media-дағы ең үздік әлемдік трендке сай замануи және әдемі дизайн;
  • Қосымшаның екі үлгісі үшін де (қазақша және орысша) бұрынғыдан да көп жаңалық оқуға мүмкіндік. Басты бетте әрбір тақырыпқа қатысты (саясат, шоу-бизнес және т.б.) ең қызықты әрі маңызды жаңалықтардың құрылымдық топтамасы пайда болған;
  • "Тағы оқыңыз" бөліміндегі ақылды ұсыныс жүйесі әрбір жаңалықтан кейін сізді қызықтыруы мүмкін тақырыптарды назарыңызға ұсынады;

Сонымен қоса:

  • Жаңалықтарға пікір білдіріп, оны талқылауға қатысу үшін өзіңіздің жеке профиліңіз арқылы кіру және тіркелу мүмкіндігі сақталды;
  • Біз қосымшаның жұмыс істеу жылдамдығын арттырдық. Ол арқылы тіпті, желілік байланыс нашар ұстайтын жерде де жаңалықтарды тез жүктей аласыз.

3 миллионнан астам қазақстандық еліміздегі №1 жаңалықтар қосымшасын iOS және Android арқылы жүктеп, қолдануда. Сізге оның ұнағанына қуанышымызды білдіре отырып, бұрынғыдан да жақсы қызмет көрсетуге тырысатын боламыз.

Жақын арада орындалатын жоспарлар қатарында Android-тағы қосымшаны жақсартып, дизайнын жаңарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ, NUR қосымшасына өз жобаларымызды енгіземіз: iOS пен Android үшін Қазақстандағы ең ірі онлайн-кинотеатр nurtv.kz пен music nur.kz. Бұл әлемдегі жалғыз ақысыз тыңдауға болатын заманауи қазақша әндер жинағы. Онда тіпті, шетелдік әншілердің де хит шығармалары қосылған.

Құрметті оқырмандар, бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!

NUR.KZ редакциясы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel