Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұлулықтың символы": Қайрат Нұртастың анасы келінін жер-көкке сыйғызбай, мақтады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды жер-көкке тигізбей мақтаймын деп, оқырмандарының сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Келінінің табиғи сұлу екенін айтқысы келген Қайрат Нұртастың анасын көпшілік дұрыс түсінбей, оны "мақтаншақ" деп айыптаған.

"Ең әдемі келіншек" деп атар едім. Келісесіздер ме? Періштем" әнін Қайрат жарына арнаған болатын. Біздің разылығымызға бөленіп, шаңырағымызды шуаққа бөлеген Жұлдызым бұл сөздерге лайықты", - деп жазған продюсер желідегі парақшасында.

Ал оқырмандардың бірі "Қазақтың келіншектері ең әдемі. Жұлдыздан да сұлу келіншектер бар ғой", - деп өз ойын білдірген.

Айдарбекова оқырманының бұл сөзін ұнатпай:

"Жұлдыз сеңіз табиғи сұлу болғандықтан, толық сеніммен жаздым. Ине салдырмаған, ерні де үрленбеген. Көкірегіне де жасанды ота жасатпаған. Татуажы да жоқ. Ал жүрегі одан да сұлу.
Сабырлылығымен бір әулет тұрмақ, бүкіл елді дүрліктірген жан. Одан да үлгі ал. Қазақстандағы әйелдер арасындағы сұлулықтың символы деуге болады. Жас келіндерге Жұлдызымның жолын берсін", - деп жауап қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757603-slulykty-simvoly-kajrat-nrtasty-anasy-kelinin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel