Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ninety one" тобындағы жігіті тастап кеткен қыз өзін дәлелдеу үшін сахнаға шықты (видео)

Опубликовано:

"Ninety one" тобындағы жігіті тастап кеткен қыз өзін дәлелдеу үшін сахнаға шықты. 26 жастағы Айдана Риза "I am singer" жобасында өз бағын сынап көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vk.com, youtube.com / Коллаж: NUR.KZ
Фото: vk.com, youtube.com / Коллаж: NUR.KZ: UGC

Қостанай қаласының тумасы Айдана бұрын өзінің мүлде басқа болғанын айтады. Ол сәтсіз махаббаттың салдарынан қазіргі күйге түскенін жеткізген.

Арудың айтуынша, оның өміріндегі баянсыз махаббаты Ninety one тобындағы Alem-мен болған. Өмірінде ең қымбат адамның біріне айналған Батырхан Мәліков Айдананы өзін-өзі дамытпағаны үшін, бір орында тұрып қалғаны үшін тастап кетіпті.

"Бір жігітке қатты ғашық болдым. Ол Ninety one тобындағы Батыр. Бұл менің жігітпен бірінші жақын араласуым болған. Екеуіміз ата-анамыздың үйінен кеткенше, жұбымыз жазылмады. Ондай адамнан айырылу өте ауыр. Ол мені жай тастап кеткен жоқ. "Сен пәсіп-жетілмедің, бір орында тұрақтап қалдың" деп сөгіп кетті. Ал енді жарқ етіп шығудың сәті түскен сияқты", - дейді бойжеткен.

Жобада ерекше жанрда ән орындаған Айдана Риза келесі кезеңге жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757618-ninety-tobyndagy-zigiti-tastap-ketken-kyz-zin-dleldeu-sin-sahnaga-sykty-video/

pixel