RU
Үндістанда ер адамның көзінен 15 сантиметрлік құрт шықты (видео)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Үндістанда ер адамның көзінен 15 сантиметрлік құрт шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Карнатака штатының тұрғынының көзінен 15 сантиметрлік құрт алынды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

yaostrov.ru

Көрнекі фото:yaostrov.ru

Үндістанның оңтүстік-батысында тұратын 60 жастағы ер адам көзінің ішінде жыбырлап тұрған құрт барын айтып, ауруханаға келген.

Дәрігер науқасты қарап, дереу құртты алмаса, ер адамның көзі көрмей қалуы мүмкін екенін хабарлаған. Дәрігер құртты арнайы қысқыштың көмегімен алып шыққан. Ота видеоға түсірілген.

Көздің ішінен алған құртты арнайы құтыға салып, өлшеген кезде оның ұзындығы 15 сантиметр екені анықталған.

Ер адам Баркрофт жіпшесі деп аталатын паразитты жұқтырған көрінеді. Ол Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Тынық және Үнді мұхитының тропикалық аралдарында кеңінен таралған. Құрт дәрнәсілі адам ағзасына маса шаққан кезде түседі екен.

Баркрофт жіпшесінің салдарынан адам аяқтары, жыныс мүшелері және басқа да дене мүшелерінің көлемі ұлғаятын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel