RU
Астанада студент қыздарды шешіндіріп тастаған тәрбиеші жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

Астанада студент қыздарды шешіндіріп тастаған тәрбиеші жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер тәжірибеден өтіп жүрген студент қыздарды іш киімдеріне дейін шешіндіріп тастаған. Бөбекжай қызметкерлері "бойжеткендер 10 мың теңге ұрлады" деп күдіктенген екен. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: m.diapozon.kz

Фото: m.diapozon.kz

Әйелдер жас қыздарды бірнеше сағат бойы бөлмеден шығармай ұстаған. Олар, тіпті, полиция қызметкерлерін де шақырмапты. Қазір студенттердің ата-анасы педагогтарды жазалауды сұрап отыр.

Ал балабақшада тәжірибеден өтіп жүрген үш студент өздерін шешіндірген тәрбиешіге өкпелі екендерін айтады.

"Біз сөмкелерімізді терезеге, жейдемізді терезе алдына қойдық. Ол біздің заттарымызды түгел тексеріп болғанша, біз іш киімімізге дейін шешіндік",- дейді Александра.

Студент қыздардан "ұрланған" ақшаны таппаған әйелдер оларды босатып жіберген. Ал мұны естіген ата-аналар олардың қалай тәрбиеші болып жүргенін түсіне алмай әлек.

Бұл іске қатысты балалабақша басшылығы өз жауабын берді. Олар тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын айтты.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel