RU
Путин Нурмагомедовтің әкесінен спортшыны қатты жазаламауын өтінді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Путин Нурмагомедовтің әкесінен спортшыны қатты жазаламауын өтінді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Ульяновскта Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Ол спортшының әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовтен баласын Конормен төбелескені үшін қатты жазалмауды өтінді деп хабарлайды LIfe.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Әкесінен қатты жазаламаса екен деп сұраймын. Себебі ол негізгі тапсырманы лайықты орындады", - деді Владимир Путин спортшы Хабибпен кездесуінде.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ирландық спортшы Конор МакГрегорды жеңіп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алайда, жекпе-жек соңында жаппай төбелес басталып, салдарынан Нурмагомедов белбеусіз қалған болатын. Себебі ол ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелес болды.

Кейін бұл дауға полиция қыдметкерлері ара түсіп, Конор мен ресейлік Нурмагомедов алаңнан қуылуға мәжбүр болды. Нәтижесінде кездесу марапаттау рәсімінсіз аяқталған еді.

Көп ұзамай, Хабиб Нурмагомедов жекпе-жектен соң жаппай төбелес үшін кешірім сұрап, өз әрекетін түсіндірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel