RU
Астаналықтар министрлер жүретін жолды "жылтыратып қоятын" әкімдікке шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

Астаналықтар министрлер жүретін жолды "жылтыратып қоятын" әкімдікке шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Астаналықтар шенеуніктер жүретін жолдарды ғана жөндеп, "жылтырата" беретін қала билігіне шүйлікті. Айтуларынша, шаһарда шенеуніктер шоғырланған ауданнан бөлек, қаланың басқа да аумақтары жөндеуге мұқтаж екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Тұрғындардың сөзінше, қала билігі шенді-шекпенділер шоғырланған аумақты жыл сайын жөндеуге құмар екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Міне биыл жазда ғана осы жерге төселген тастарды жұлып алып, орнына осындай қызыл тастарды төсеген еді. Бұрынғысы тоз-тозы шығып, үгітілген жоқ, айнадай жылтырап жатқан жерлер еді. Мүмкін шенеуніктерге қызыл түсті тастың үстімен жүру ұнайтын шығар? Неге әкімдік министрлер мен депутаттар ғана жүретін жолдарды жөндеуге құмар?

Алысқа бармай-ақ қояйық, солардың бірі оң жағалаудағы немесе Қосшы мен Ильинка жақтағы жолдармен жүріп көрді ме екен? Лай-батпақтан көз ашпайтын қаланың қаншама жерлері бар? Әлде біздің елде тек шенеуніктер ғана адам ба?", - деп ашуға булықты қала тұрғындарының бірі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге, олар қаланың сол жағалауын қанша "жылтыратқанымен", жаңбыр жауса болғаны, судың астында қалатынын айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Жолды жылан жылағандай жылтыратады, бірақ оның пайдасы бар ма? Жаңбыр жауса, бәрін шайып әкетеді. Өткенде бүкіл Астана судың астында қалды ғой? Елде шенді-шекпенділерден басқа да халық бар шығар? Кабинеттерінде тығылып отыра бермей, қаланы аралап, халықтың арасына шықсын бір мезгіл. Айтамыз-айтамыз, бірақ пайда жоқ? Бәрі сол бәз-баяғы қалпы", - дейді қала тұрғыны.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel