Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманыңызды орындайтын картаны қалай жасау керек?

Опубликовано:

Арманға жеткісі келетін адамға ерекше көмек көрсететін әдіс бар болып шықты. Армандар картасы деп аталатын бұл тәсілді орындау үшін параққа өз мақсаттарыңызды тізіп шықсаңыз болғаны. Ендеше, арманға жетелейтін қағазды қалай толтыру керек. Бұл туралы comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Армандар картасы сіздің армандарыңыздың суреттері мен атаулары жазылған бөліктерден тұрады. Сіз бұл тізімді кез келген параққа немесе күнделігіңізге жазып қоя аласыз.

Психологтар армандар картасын 2-3 жыл көлеміне жасауға кеңес береді. Тоғыз бөліктен тұратын бұл парақтың ортасында "мен"деген жазу болуы керек. Оның қасында "әдемімін", "сұлумын", "көріктімін" немесе "ерекшемін" дегендей жазулар тіркеп қойғаныңыз абзал.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Осылайша, сызықпен бөлінген бөліктердің алғашқысына "Қаржы" деп жазып, қазір тапқан табысыңыздан үш есе көп ақша көлемін жазып қойыңыз.

Ал "Атақ-даңқ" деген бөлімге қызметіңізде жеткіңіз келетін жетістікті жазсаңыз болады.

Қағаздағы "Махаббат" шаршысына қиялыңыздағы керемет махаббатыңызды елесететіп, жазасыз.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

Шаршылардың ішіндегі "Отбасы" бөліміне жанұяңыз үшін қымбат суретті жапсырып, алдағы уақыттағы жоспарларыңызды жазасыз. Ол пәтер, көлік немесе басқа да бағалы заттар болуы мүмкін. Алайда оларды тіркегенде санын жазбауға тырысыңыз.

"Балалар мен шығармашылық" деген шаршыға болашақта балаларыңыздың кім болғанын қалайтыңызды, оларды қалай тәрбиелеу керектігін жазып қойсаңыз болады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz: UGC

"Білім мен ақыл". Бұл топқа сіз күйеуіңіздің қандай маман иесі болғанын, қандай кәсіппен айналысатынын қалайтыныңыз туралы жазасыз.

"Саяхат" деген орынға алдағы уақытта қай мемлекеттерге баруды армандайтыныңызды тіркеп қойсаңыз болады.

Армандарыңызды тездетіп орындау үшін қойын дәптеріңізге 100 арманыңызды жазғаныңыз абзал. Алғашында 10-15-тен аспайтын мақсаттар мен армандар ойланған сайын көбейе түсері анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1757648-armanyyzdy-oryndajtyn-kartany-kalaj-zasau-kerek/

pixel