Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелін есіне салып, сөгетіндерге жауап берді

Опубликовано:

Айқынмен отау құрғаны белгілі болып, жұртқа ұлын көрсеткен Жұлдыз Өмірғали күйеуінің бірінші әйеліне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали, Айқын. Фото:immgrum.com,vilingstore.net
Жұлдыз Өмірғали, Айқын. Фото:immgrum.com,vilingstore.net: UGC

Айқынмен бір жарым жылдан бері бірге тұратыны да белгілі болған Жұлдызға желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, оның бірінші отбасы мен әйелі жайлы жиі еске салады екен.

"Қорықпайсың ба", "көз жасқа қалу деген бар" деп айтады. Білмеймін, бұл - өмір. Өмірде әр нәрсе болуы мүмкін. Көз жасына сенетін болсақ, менің көз жасыма қалғандардың барлығы қырылып қалмайды ма?
Қазір қалай өмір сүріп жатқанымызды ғана айттық. Күнделікті өмірімді көпшілікке көрсеткім де келмейді. Бастысы біз біргеміз", - деді Жұлдыз.

Айта кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали желідегі парақшасына алғаш рет отбасылық суретін жариялаған болатын.

Ал Айқын ендігі тойын екі отбасымен бірге өткізетінін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Айқынның әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757652-zldyz-mirgali-ajkynny-birinsi-jelin-esine-salyp-sgetinderge-zauap-berdi/

pixel