RU
Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек 9 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек 9 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы Бекназ Кеңшілікке үкім шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото

Сот залынан фото
Source: UGC

Физика-математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектепті алтын белгімен бітірген сотталушы 9 жылын түрмеде өткізетін болды. Ол өзінің құрдасы Азат Дүсіповтың жүрегі мен бүйрегіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Бекназ Кеңшілік Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімінің 9 және 14 тармағымен кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сот жәбірленуші тараптың құжатпен тапсырылған материалдық шығынын есептеп 2 млн 652 671 теңге өндіру заңды деп тапты. Туған баласынан айрылып жан, тән азабын тартқан отбасыға 3 млн теңге моральдық залал өндіруді дұрыс деп есептейді ," - деді судья Алтынбек Сабыров.

Жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекеме деп бекітілді.

Еске салсақ, қанды оқиға маусым айында болған еді. 17 маусым Ақтөбедегі №19 мектептің түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды.

17 жастағы Азат Дусуповты өлтірді деген күдікпен ұсталған Бекназ Кеңшілік қылмысын мойындап, марқұмның ата-анасына жылап тұрып кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99 бабының бөлімі 9 және 14 тармағымен қаралды.

Үкіммен келіспеген жәбірленуші тарап апелляциялық арыз түсірмек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
10
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel