RU
Күні кеше құлаған зымыранның бөлшектері Жезқазғаннан табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Күні кеше құлаған зымыранның бөлшектері Жезқазғаннан табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше апатқа ұшыраған "Союз" ғарыш кемесінің қалдықтары Жезқазған маңынан табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Sputnik / Алексей Филиппов, Риа Новости

Фото:Sputnik / Алексей Филиппов, Риа Новости

Қазіргі мәліметтер бойынша, ғарыш кемесінің алдыңғы бөлігі табылған.

"Роскосмос" мамандары фрагментті одан әрі зерттеу үшін алып кеткен.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бөлшек құлаған маңда радиоактивті және химиялық жағдайлардың қалыпты екенін жеткізді.

Ал ғарыш кемесінің басқа бөліктерінің қайда құлағаны белгісіз. Мамандар Қызылорда облысының аймағын тексеріп шыққан.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитеті осымен өздерінің жұмыстары аяқталғанын, іздеуді енді Ресей мемлекеті өз қолына алатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 11 қазанда Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесі әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшыраған еді. Кейін экипаж мүшелері, ғарышкерлер Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейг байланысқа шығып, жағдайларын жақсы екеін жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel