RU
Түркістан облысында тағы бір отбасында үшем дүниеге келді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында тағы бір отбасында үшем дүниеге келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы тағы бір жас жанұяның шаңырағында үшем дүниеге келді деп хабарлайды ernur.kz.

Фото:ernur.kz

Фото:ernur.kz
Source: UGC

23 жастағы Изатуллаева Шахноза екі қыз бен бір ұл босанған. Ал балалардың әкесі 25 жаста.

Жас ана өзінің үшемге жүкті екенін алғашқы айлардан-ақ білген екен.

Алайда нәрестелер өмір есігін өз уақыттарынан ерте (28 тамызда) ашқан.

Дүниеге келгендеріне 45 күн болған сәбилердің өкпелері толық ашылмағандықтан осы уақытқа дейін дәрігерлердің қарауында болыпты.

Фото:ernur.kz

Фото:ernur.kz
Source: UGC

Зухра, Тахир және Фатима есімді сәбилер жарық дүние есігін ашқанда үлкені 1400 г, екіншісі небәрі 985 г болса, үшіншісі 1260 г ғана болған.

45 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, перзентханадан енді шыққан сәбилердің жағдайы бүгінде қалыпты.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістан облысында бес балалы ананың үшемді өмірге алып келгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel