Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Метрі 2000 теңге": Еркенің сіңлісі ұзату тойына арналған көйлекті өзі тігіп алған (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмаханның жақында ғана ұзатылған сіңлісін көпшілік өзгеше образы арқылы таныған болатын. Осыған дейін беймәлім болып келген Ақбөпе Әбдіраш өзінің ұзату көйлегін метрі 2000 теңге тұратын матадан тігіп алғанын жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Ақбота Әбраштың желідегі парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Ақбота Әбраштың желідегі парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: UGC
"Ұзату көйлектің мен үшін жарасымдылығы мен қарапайым болғаны маңызды. Ұзату тойына 2 күн қалғанда көйлекті тігуді бастадым. Оның үстіне артық шашылуды ұнатпаймын.

Бір күндік салтанатқа 300 мың теңгені су сияқты ағызып жіберу ұяттау болады. Оның үстіне ұзын етектің жердің барлық шаңын сыпырып жүретіні тағы бар.

Сонымен метрі 2000 теңгелік матаның он метрін сатып алдым. Қосымша астары мен сырғымасы, жібін есептегенде 25 мың теңге кетті. Айтпақшы, бетімде бір тамшы бояу жоқ", - деп жазған Ақбөпе Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін де Ерке Есмаханның өзіне мүлде ұқсамайтын сіңлісі жайлы мәлімет жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757679-metri-2000-tege-erkeni-silisi-zatu-tojyna-arnalgan-kjlekti-zi-tigip-algan-foto/

pixel