RU
Қазақстанда оқушылар сөмкесінің салмағы жеңілдейтін болды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда оқушылар сөмкесінің салмағы жеңілдейтін болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі "Білім беру нысандарына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптарына" өзгертулер енгізіп, оқушылар сөмкесінің салмағының жаңа өлшемдерін бекітті деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

infoniac.ru

Көрнекі фото:infoniac.ru

Енді сабақ кестесі күнделікті оқу жиынтығының гигиеналық мөлшерлеріне сәйкес құрастырылатын болды. Оқу жиынтықтың салмағын есептегенде оқушының сөмкесінің салмағы есептелмейді.

Енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес күнделікті мектеп жиынтығының салмағы мына көрсеткіштерден аспауы керек:

Бірінші-үшінші сынып оқушылары үшін - 1,5-2,0 кг.

Төртінші-бесінші сынып оқушылары үшін - 2,0-2,5 кг.

Алтыншы-жетінші сынып оқушылары үшін - 3,0-3,5 кг.

Сегізші-он бірінші (он екінші) сынып оқушылары үшін - 4,0-4,5 кг.

Міндетті және қосымша сабақтарға жеке сабақ кестесі құрылатын болды. Қосымша сабақтар міндетті сабақтар аз болған күнге қойылады.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған сәттен бастап 21 күнтізбелік күн өткеннен кейін өз күшіне енеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel