Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы «Назарбаев университетінің» президентіне тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Назарбаев университетінің» президентіне тапсырма берді
Фото: Ақорда: UGC

Кездесуге Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «University Medical Center» корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Жақсыбай Жұмаділов қатысты.

Елбасыға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауда айтылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының тұжырымдамасы ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, бұл орталықтың құрылыс жұмыстары биыл басталады.

Жаңа медицина мекемесінде қатерлі ісік ауруларына диагностика жасап, емдеу үшін озық технология, соның ішінде лазерлік, сәулелік, жасушалы-иммунді терапия және өзге де заманауи әдістер қолданылатын болады.

Елбасы «Назарбаев университетінің» президентіне тапсырма берді
Фото: Ақорда: UGC
Сонымен қатар, мемлекет басшысына жолдаудағы жекелеген бағыттарды іске асыруға қатысты Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Катсу Қазақстан президентіне Инновациялық кластердің жұмыс жоспары мен университеттің ғылыми-зертханалық кешенінің іске қосылуы жөнінде мәлімдеп, Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытудың бірқатар мәселелерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1757694-elbasy-nazarbaev-universitetini-prezidentine-tapsyrma-berdi/

pixel