RU
Ақтөбелік шенеуніктер көмекке мұқтаж жандарға бір қапшық картоп берген (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік шенеуніктер көмекке мұқтаж жандарға бір қапшық картоп берген (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігі әлеуметтік желіге бір-екі қапшық картоппен түскен фотоларын жүктейміз деп сынның астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбеде бір қапшық картоппен "мақтанған" шенеуніктер күлкі болды (фото)

Фото: Ойыл аудандық әкімдігінің Instagram парақшасынан

Әкімдіктің Instagram және Facebook-тегі парақшаларына аудандық бөлімшелер жасап жатқан қайырымдылық шаралар туралы жазылған.

Мемлекеттік қызметкерлер көмекке мұқтаж отбасыларға бір қапшық картоп апарып беріп, суретке түсіпті.

"Бүгін «Ойыл аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметшілері аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті", - делінген ақпаратта

Бұл жазбаға пікір білдірген тұрғындар әкімдік қызметкерлеріне шүйлігіп, «Мақтанып жария түрде жасаған қайырымдылықтың қай жері садақа» деп өз ойларын ашық жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
0
1
2
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel