RU
Өскеменде алапат өртті 50-ден астам адам жабылып әрең сөндірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде алапат өртті 50-ден астам адам жабылып әрең сөндірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 50-ден астам өрт сөндіруші мұражай-үйінде тұтанған алапат өртті әрең сөндірген. Жалынды сөндіру жұмысы жарты тәуліктен астам уақытқа созылған екен деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Source: UGC

Алапат өртті алдымен қала тұрғындары көріп, олар 101 құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндіруге 20-дан астам техника мен 50 адам жұмылдырылған.

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Source: UGC

Кейін белгілі болғандай, өрт ошағы ғимараттың соңғы қабатында шығыпты.

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Source: UGC

Мұражай қабырғалары кірпіш болғанымен, оларды байланыстырып тұрған дуалдар ағаш болғандықтан, өртті толығымен сөндіру оңай болмапты. Мұражай қызметкерлері ғимараттан барлық ағаш жәдігерлерді алып шыққан екен.

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Source: UGC

Оқиға орнында 12 өрт сөндіру көлігі мен 52 адам болыпты. Өрт шалған аумақтың жалпы мөлшері – 525 шаршы метрді құраған. Ал, жалпы өрт сөндіру уақыты – 15 сағат 30 минутқа созылыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel