RU
Назарбаева заңды халыққа дұрыс түсіндірмейтін шенеуніктерге шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаева заңды халыққа дұрыс түсіндірмейтін шенеуніктерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

"Jas qalam" форумының барысында Дариға Назарбаева мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметінің жұмысы мен қазақстандық заңдарды түсіндіре алмайтын шенеуніктер туралы ойын айтты . Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото strategy2050.kz

Фото strategy2050.kz

Сенатор олардың істеріне көңілі толмайтынын жеткізді.

Назарбаеваның сөзінше, көптеген мәселелер қазақстандықтар үшін түсініксіз болып қала береді.

"Теледидар көріп отырған қарапайым көрермен министрдің девальвация туралы, инфляция нарығы мен таргетинг туралы сөздерін қалай түсінеді? Мұның барлығы шетелдің сәнге айналған, әдемі сөздері",- деді ол.

Назарбаеваның сөзінше, көп жағдайларды тек кішігірім аудитория ғана түсінеді. Ал сенатор барша халық ұға алатын жол табу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, ол шенеуніктердің басым бөлігі өз заңдарымызды халыққа қарапайым тілмен айта алмайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel