RU
Шапан киіп, атқа мінген түркістандық шенділер көпті таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шапан киіп, атқа мінген түркістандық шенділер көпті таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында бір топ шенеуніктер алаңда атқа мініп, шеруде жүріп өтті деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шапан киіп, атқа мінген түркістандық шенділер көпті таңғалдырды (видео)

Скриншот: видеодан
Source: UGC

Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің "Алтын күз" мерекелік шарасы өтті. Алдымен орталық алаңда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатысуымен басталған шеруді жергілікті шенеуніктер атқа мініп бастап жүрді.

Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Орал Сүттібаев, ветеринария бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаевтар бар.

Диқаншылар мерекесінде сөз сөйлеген аудан әкімі Бауыржан Омарбеков нәпақасын егістіктен тауып отырған тұрғындарды мерекемен құттықтап, келер жылы да еткен еңбектері жемісті болуын тіледі.

Мұнан соң ауыл шаруашылығы саласында еселі еңбек еткен тұрғындарды марапаттады.

Мерекелік шарадан соң "Шаңырақ" аллеясының, сағат стелласы орнатылған сквер мен облыстағы алғашқы "Депуттар" аллеясының және тағы да басқа нысандардың таныстырылымы өтті.

Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel