Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада басы жоқ қыздың өлі денесі табылды

Опубликовано:

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде жантүршігерлік қылмыс орын алған. Онда басы кесілген бойжеткеннің өлі денесі табылды деп хабардайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: aif.ru
Көрнекі фото: aif.ru: UGC

Алдын ала мәлімет бойынша, 21 жастағы бойжеткенді өзінің кездесіп жүрген жігіті өлтірген. Оның өлі денесі Сырдария жағалауынан табылыпты.

Күдіктінің өзі де ауыр жарақаттар алған көрінеді. Қазір ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жігітке ота жасалған, жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер.

Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ғашықтар арасында жанжалдың неден басталғаны әзірге белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Іс материалдары әзірге жарияланбайды", - дейді Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757759-kyzylordada-basy-zok-kyzdy-li-denesi-tabyldy/

pixel