RU
Астана тұрғынына шабуылдаған полицейдің видеосы желіде тарап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғынына шабуылдаған полицейдің видеосы желіде тарап кетті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде құқық қорғау органы қызметкеріне ескерту жасаған азаматқа полицейдің шабуылдаған видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/za_rulem_astana

Фото: instagram.com/za_rulem_astana
Source: UGC

Instagram желісіндегі видеода тәртіп сақшысының өзін видеоға түсіріп жатқан азаматпен ерегісіп жатқанын байқауға болады.

za_rulem_astana парақшасында жарияланған видеоға оқиға кейіпкері жазба қалдырып, полицейдің өзіне күш көрсеткенін мәлім еткен.

"Маған полиция мойоры шабуыл жасады. Оқиға былай болды. Мен одан автобус аялдамасына қойып қойған көлігін (суретте көрсетілген) шетке алуын сұрадым. Бірақ ол менің айтқанымды елемей кетіп қалды. Біраз уақыт өткен соң қайтып келді. Мен оны видеоға түсіре бастаған едім, бірден тап берді. Телефонымды алып қоймақ болды. Сондай-ақ мені итеріп, қолымды қайырып, оны түсіргенім үшін айыппұл төлететінін айтып қорқытты. Бізді жолаушы жігіт ажыратып, майорды тыныштандырды. Осыдан кейін полицей көлігіне отырып, кетіп қалды. Мен бірден 102-ге қоңырау шалып, болған істі баяндадым, кейінірек арыз жаздым. Енді қандай шешім шығаратынын көреміз", - деп жазған жәбірленуші.

ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев аталмыш іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оқиғаның мән-жайы толық анықталатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel