RU
Алматы облысында бесінші сәбиін дүниеге әкелген ана перзентханада қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында бесінші сәбиін дүниеге әкелген ана перзентханада қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы, Ұйғыр аудандық перзентханасында бесінші сәбиін өмірге әкелген ана көз жұмды. Марқұмның туыстары Дильмира Мақсұтованың өліміне өз ісіне салғырт қарады деп дәрігерлерді кінәлап отыр. Алайда перзентхана басшылығының да өз айтары бар деп хабарлайды 31 арна.

Көрнекі фото: ekburg.tv

Көрнекі фото: ekburg.tv

Қапыда анасынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Дильмира Мақсұтованың қызы жаңа туған бауырларын ойлап, уайымдайды. Себебі бес баланы дүниеге әкелген анасы күні кеше жер қойнына тапсырылған.

Бір күн бұрын әйелін перзентханаға өзі апарып, қазасына сене алмай отырған Радулин Самиев жұбайының өліміне ақ халатталыларды кінәлап отыр. Айтуынша, жұбайы босанғаннан кейін үш сағаттан астам қараусыз қалған.

Үш сағаттан соң жарының жағдайы қиындағанын айтып, хабарласқан дәрігерлер отаға тек осыншама уақыттан кейін ғана алған деп отыр.

"Мен барсам, әйелім әлі акушер үстелінің үстінде әлі жатыр. Үш жарым сағат болып кеткен. Қалайсың десем, жақсы, тоқтамай жатыр деді", - дейді Радулин Самиев.

Телеарнаның мәліметінше, марқұм Дильмира Мақсұтованың күйеуі ота залына ақхалаттылардың дене жылытуға қоятын жылытқыны көтеріп, жүгіріп жүргенін көрген екен. Дильмираның туыстары дәрігерлер салғырт әрекеттерін жасыру үшін, өлген адамды қорлады деп оларға күйініп отыр.

"Қызыңыз енді өлді деп айтқан. Апалар ұстағанда суық болып кеткен. Бұлар денесін жылыту үшін грелкамен жылытамыз деп денесін күйдіріп тастаған", - дейді марқұмның туысы Шахислам Шапиева.

Ал перзентхана басшылығы болса, бастапқыда келіншектің денесінің күйіп қалғанынан хабарсыз екенін айтып, артынша ол құралды қан тоқтату үшін, қолдандық деп ақталды.

Ал келіншектің өліміне босанудан кейінгі бір сағаттан соң жағдайының нашарлап кетуі себеп болды деп отыр.

Дереккөз 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel