RU
Қазақстан мен Өзбекстанда 11 әйелді аяусыз өлтірген қылмыскерлер қалай ұсталды?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстанда 11 әйелді аяусыз өлтірген қылмыскерлер қалай ұсталды?

Рассказать Вконтакте

Түрікстан облысы бойынша экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Сакен Қожамұратов өңірді дүр сілкіндірген атышулы қылмыс оқиғасы жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Түрікстан облыстық ІІД

Фото: Түрікстан облыстық ІІД

2011 – 2014 жылы Сәкен Қожамұратов облыстық ІІД криминалдық полицияның жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар бойынша бөлімін басқарған

Полиция полковнигінің айтуынша, 2011 жылы жұрттың үрейін тудырған қылмыс орын алған. Белгісіз адамдар төрт әйелді аяусыз өлтіріп кеткен. Олар марқұмдарды тонап және зорлаған.

Оған қоса барлық жағдайда қылмыскерлер бірдей әрекет еткен. Яғни олар теміржол вокзалында құрбандарына такси қызметін ұсынып, жолай олардың ақшасын, құнды заттарын алып, содан кейін зорлап, өлтірген.

Қылмыскерлерді іздеу үшін ең мықты деген мамандар тартылып, арнайы топ құрылған. Тіпті, Ішкі істер министрлігінің де қызметкерлері қаскөйлерді табу үшін барын салған.

Қылмысты егжей-тегжей сараптап, талдаған мамандар бұны жасаған өзге облыстарда тіпті көрші елдерде тығылып жүрген болуы мүмкін "гастролерлер" деген ойға келеді.

Фото: Түрікстан облыстық ІІД

Фото: Түрікстан облыстық ІІД

"Біз Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға халықаралық тапсырма жолдадық. Сосын жауабын күттік", - деген Қожамұратов оларға Өзбекстан ІІМ жауап келгенін айтады.

Ал хатта ол жақтада белгісіз адамдар Қазақстандағы қылмысқа ұқсас жолмен жеті әйелді өлтіргендері жазылған.

Сол кезде екі мемлекеттің жедел қызметкерлері екі қылмыстық істі біріктіріп, күдіктілерді іздеуге кірісіп кетеді.

Арада көп ұзамай полицейлер алғашқы қылмыскерді ұстайды. Ол 1986 жылы дүниеге келген, бұрын Алматыда қарақшылық және тонау бойынша сотты болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол бар кінәсын мойындап, өзінің сыбайласын ұстап береді. Ол кейін Ташкентте тұтқындалған.

Жедел тергеу шарасы кезінде полицейлер осы екі ер адамның 11 әйелді аяусыз өлтіргенін дәлелдеп шыққан. Нәтижесінде қылмыскерлер өмір бойын бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
8
4
1
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel