RU
Алматыда жаппай жол апаты болып, алты адам зардап шекті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жаппай жол апаты болып, алты адам зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен түнде Алматыда үш көліктің соқтығысумен жол апаты болып, алты адам зардап шеккен. Олардың бесеуі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жол-көлік апаты Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің сөзінше, BMW Төле бидің бойымен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан, ал қарсы бағытта Daewoo Nexia көлігі келе жатқан.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Осы кезде қиылыста оларға Hyundai келіп соқтығысқан. Куәгерлердің сөзінше, Hyundai-ды тізгіндеген көлік жүргізушісі жылдамдығын арттырған сонымен қатар бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан өтіп кеткен.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жол апатынан түрлі жарақат алған алты адамның бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel