RU
Ливандық зергерлер Данияр Кесікбаевтің атышулы қайын енесін сотқа берді
Жаңалықтар Әлемде

Ливандық зергерлер Данияр Кесікбаевтің атышулы қайын енесін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Малайзия экс-премьер министрі Ниджаб Разактың жұбайы Росме Мансорды зергерлер жалпы сомасы 14,4 млн доллардың әшкейлерін алып, ақшасын төлемей кетті деп айыптап отыр. Бұл туралы РИА Новости- ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Berita Harian/rojakdaily.com

Фото: Berita Harian/rojakdaily.com

Росма Мансорға қарсы арызды Global Royalty Trading SAL зергерлік фирмасы түсірген. Олардың сөзінше, 2018 жылы бұрынғы шенеуніктің әйелі жалпы құны 14,4 млн болатын 44 зергерлік бұйымдарға тапсырыс берген.

Құнды заттар уақытында жеткізілген. Алайда фирмамен бекітілген келісімшарт аяқталса да, Росме Мансор қаржыны төлемеген. Тіпті бұйымдарды қайтармапты.

Ал айыпқа жауап берген экс-премьердің әйелі 44 бұйымның барлығын осы жылдың шілде айында үйін үкімет тінтігенде, тәркілеп алғанын айтады.

Дегенмен бұғана қарамастан ливандық компания қорғаушылары бұйымдарды қайтарып беруін және өтемақы төлеуін талап етіп отыр.

Ал адвокаттар 2019 жылдың наурыз айында өтуі тиіс сот отырысына дайындықты бастап кеткен.

Еске сала кетейік, Розме Мансурға Малайзия билігі ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағып отыр. Тергеу мәліметіне сүйенсек, Данияр Кесікбаевтың қайын енесі заңсыз жолмен 2 млн долларды имденген.

Айта кетсек, қазақстандық Данияр Кесікбаев Малайзия экс-премьер министрі Наджиб Разак пен Розме Мансурдің қызына үйленген. Жұбайлар екі жасар ұлды тәрбиелеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel