RU
Ақтауда педофилге алғашқы химиялық кастрация жасалмады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда педофилге алғашқы химиялық кастрация жасалмады

Рассказать Вконтакте

Осы жылдың наурыз айында Маңғыстау облысы алғашқылардың бірі болып, педофилге химиялық кастрация жасауға өтініш берген еді. Алайда бұл процедура ақыры жүзеге аспаған деп хабарлайды ИнАктау сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ForumDaily

Фото: ForumDaily

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сот балаға сексуальды сипаттағы зорлық көрсеткені үшін жазасын өтеп жатқан сотталушыға химиялық кастрация жасауды қанағаттандырған.

Процедураны осы жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарланған.

Алайда комиссия химиялық кастрация жасау туралы заң 2018 жылы ғана күшіне енгенін, ал сотталушы аталмыш қылмысты 2007 жылы жасағанына сілтеп, процедураны өткізуден бас таратқан.

Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қыркүйекте ар адамның колониядан босап шыққанын атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel